locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси бастаған «Интер Майами» КЧМ-2025 ашылу матчында «Әл-Әхлимен» тең түсті

Трезеге пенальти соға алмады, ал Суарес ескерту алды
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Месси бастаған «Интер Майами» КЧМ-2025 ашылу матчында «Әл-Әхлимен» тең түсті
ФОТО: Getty Images

Флоридадағы «Хард Рок» стадионында өткен Клубтық чемпионаттың (КЧМ) ашылу матчында «Интер Майами» мен Мысырдың «Әл-Әхли» клубтары 0:0 есебімен тең түсті. Кездесу 14 маусымнан 15-іне қараған түні өтті.

КЧМ-2025, 1 тур. «Әл-Әхли» (Египет) – «Интер Майами» (США) – 0:0

Ойынның бірінші таймында «Әл-Әхли» командасы есеп ашуға тамаша мүмкіндік алды: 43-минутта Трезеге пенальти орындады, бірақ қақпашы Оскар Устари соққыны қайтарып қана қоймай, қайтқан допты да ұстап қалды. Сондай-ақ, 14-минутта мысырлық жартылай қорғаушы Эмам Ашур жарақатына байланысты алаңнан кетті.

«Интер Майамидің» жұлдыздары Лионель Месси, Луис Суарес және Серхио Бускетс матчтың толық 90 минутында алаңда болды. Уругвайлық шабуылшы Суарес сары қағаз алды. Ал Жорди Альба ойынға қатысқан жоқ.

Бұл нәтижеден кейін екі команда да КЧМ-2025 турнирінде алғашқы ұпайларына ие болды. 19 маусымда «Әл-Әхли» бразилиялық «Палмейраспен», ал Хавьер Маскерано жаттықтыратын «Интер Майами» португалиялық «Портумен» кездеседі.

Луис Суарес клубтық әлем чемпионаты туралы: Үміт өте жоғары.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie