locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

\"Мен треблді ғана ойлаймын\". Мбаппе Реалдың осы маусымдағы мақсаттарын ашты

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
"Мен треблді ғана ойлаймын". Мбаппе Реалдың осы маусымдағы мақсаттарын ашты
ФОТО: Getty Images

Мадридтік “Реалдың” шабуылшысы Килиан Мбаппе клубтағы дебюттік маусымын өткізуде және қазірдің өзінде алдына өршіл мақсаттар қойып отыр.

Le Parisien басылымына берген сұхбатында Мбаппе өзінің бұрынғы клубына деген көзқарасы туралы айтып, маусымдағы жоспарларын белгіледі.

“ПСЖ"? Мен оларға бар жақсылықты тілеймін, бірақ мен ”Реалға" және біз жеңе алатын треблді ғана ойлаймын

Бұл “Реал” бұрын-соңды жасамаған нәрсе, сондықтан менің бірінші маусымда бұл керемет болар еді", - деді француз.

Мадридтіктер әлі үш жүлдеге таласуда. Испания чемпионатында 60 ұпаймен “Барселонамен” бірінші орынды бөліссе, Чемпиондар лигасында ширек финалға шықты, онда Лондонның “Арсеналымен” кездеседі, ал Испания кубогында “Реал Сосьедадпен” қарымта кездесу өткізеді.

Айта кетейік, Килиан дебюттік маусымында 31 гол соғып, бұл көрсеткіш бойынша Криштиану Роналдуды басып озған болатын. Иван Заморано орнатқан “бланкос” рекордын жаңарту үшін оған 7 гол керек.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie