Мбаппе – шыңда: әлем чемпионатының еуропалық іріктеуінің үздік ойыншылары аталды
Жұлдызды француз жаңа рейтингтің көшін бастады
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Getty Images
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе WhoScored аналитикалық порталының нұсқасы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінің үздік ойыншысы деп танылды.
Жұлдызды форвард өзінің ойындарындағы ең жоғары бағаны – 8,68 балл иеленді. Одан сәл ғана төмен нәтиже көрсеткен Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор 8,66 баллмен екінші орынға тұрақтады.
Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд үштікті қорытындылап, 8,57 балл жинады. Сонымен бірге, «Манчестер Сити» ойыншысы еуропалық іріктеу кезеңінің ең үздік сұрмергені атанды.
Іріктеу кезеңінің үздік бес ойыншысы қатарына Испания құрамасының вингері Микель Оярсабаль (8,39 балл) мен норвегиялық вингер Антонио Нуса (8,37 балл) да кірді.