Холанд Еуро-2026 іріктеуіндегі сұрмергендер жарысында айқын көш бастады
2026 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінің соңғы алдындағы турына қарай сұрмергендер жарысының басты көшбасшысы анықталды. Ол – Эрлинг Холанд, оның еншісінде 16 гол бар.
Викинг ең жақын қарсыластарынан 8 доп айырмасымен алға шықты. 8 голдан салғандар: Марко Арнаутович (Австрия), Мемфис Депай (Нидерланды), Харри Кейн (Англия).
Алты голдан Кевин Де Брюйне (Бельгия), Андрей Крамарич (Хорватия), Микель Мерино (Испания) еншісінде.
Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппе мен Криштиану Роналду да бұл іріктеуде 5 голдан соқты.
Сондай-ақ Эрлинг Холанд Италия қақпасына дубль жасап, әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі бір маусымда соғылған гол саны бойынша рекордты қайталады. Ол 16 голмен Левандовскидің 2018 жылғы іріктеу цикліндегі жетістігіне теңесті. Холанд Норвегияға 1998 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алуға көмектесті. Норвегия Италия құрамасын 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, топтық кезеңді аяқтады. I тобында Норвегия 24 ұпай жинап, топта барлық сегіз ойында жеңіске жетіп, Мундиальға тікелей жолдама алды. Италия 18 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, плей-офф кезеңінде бақ сынайды.