Матис Тель ресми түрде «Тоттенхэм» футболшысы атанды
Француз шабуылшысының келісімі 2031 жылға дейін есептелген
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
Лондондық «Тоттенхэм» клубы 20 жастағы Матис Тельмен толыққанды келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.
Клубтың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, шабуылшының жаңа келісімі 2031 жылдың жазы аяқталғанша жарамды болады. Ол келісімге 30 маусымда, жалға алу мерзімі аяқталған соң қол қояды.
Еске салайық, Тель ақпан айында «Бавариядан» жалға алынған болатын. Бұған дейінгі ақпараттарға қарағанда, трансфер құны шамамен 35 млн еуроға бағаланған.
Өткен маусымда Матис «Тоттенхэм» сапында Премьер-лигада 13 матч өткізіп, екі гол соқты.
Томас Франк – «Тоттенхэмнің» жаңа бас бапкері.