locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мартинович «Қайратқа» қарсы ойынға қатыспайды - тікелей қызыл қағаздың салдары

«Қызылжар» қорғаушысы Илья Мартинович келесі турда командасына көмектесе алмайды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Мартинович «Қайратқа» қарсы ойынға қатыспайды - тікелей қызыл қағаздың салдары
ФОТО: fcqyzyljar инстаграм парақшасынан

«Қызылжар» командасының қорғаушысы Илья Мартинович келесі турда «Қайратқа» қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Футболшы өткен турда, «Ақтөбемен» болған кездесудің 42-минутында тікелей қызыл қағаз алған болатын. Ол ойын сәттерінің бірінде қарсылас Жайро Жанға дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды.

Бұл кездесуде петропавлдық клуб өз алаңында 1:1 есебімен тең түсті. Ал «Қайратпен» болатын матч 21 маусым күні Алматыда өтеді.

Мартинович маусым басында «Қызылжар» сапына қосылған. Қорғаушы жаңа клубында 12 матч өткізіп, бір голмен көзге түсті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie