Манчестер Юнайтед осы айда Антониді жалға береді
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
"Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушысы Антониді осы айда басқа клубқа жалға беруі мүмкін.
Қазіргі уақытта оған "Бетис" (Испания) және "Олимпиакос" (Грекия) қызығушылық танытуда.
Алайда, Антони грек лигасында ойнауға құлықсыз және Испания чемпионатын ең қолайлы нұсқа деп санайды.
Талқылаулар әлі жалғасуда, сондықтан алдағы күндері нақты шешім қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды UOL порталы.