locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Манчестер Юнайтед Олд Траффордың орнын 100 мың адам сиятын стадионмен айырбастамақшы

ФОТО: gettyimages.com

The Athletic басылымының мәліметіне сәйкес, Манчестер Юнайтед жаңа 100 000 орынды стадион құрылысын бастау туралы ресми мәлімдеме жасайды.

Жобаның құны 2 миллиард фунт стерлингті құрайды және ол Ұлыбританиядағы ең үлкен стадионға айналады. Жаңа стадионның құрылысы шамамен алты жылды алады және Олд Траффорд стадионының қасында салынатын болады.

Дереккөздің айтуынша, осы туралы 11 наурыз, сейсенбі күні жарияланады. Олд Траффорд стадионы сүрілмейді, бірақ 30 000 орындық аренамен әйелдер командасы мен академиясына арналады. Тарихи ескерткіштер, мысалы, мүсіндер мен естелік сағаттар сол қалпында сақталады.

Клубтың иесі Джим Рэтклифф 3-5 жыл ішінде "Манчестер Юнайтед" әлемдегі ең табысты клубқа айналып, ең маңызды стадиондардың біріне ие болатынына сенімді. Манчестерден шыққан сәулетші Норман Фостер жаңа стадионның жобасын әзірледі, ол клуб үшін символдық орынға айналады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "МЮ" АПЛ-де 14-орында тұр.

Алдын: УЕФА Барселонаның қайтыс болған дәрігерін еске алу үшін бір минут үнсіздік өткізеді деп хабарлаған едік

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie