«Манчестер Юнайтед» – «Борнмут». 16 желтоқсан. Онлайн көру. Тікелей трансляция
«Манчестер Юнайтед» АПЛ-дың 16-турында өз алаңында «Борнмутты» қабылдауға дайындалып жатыр
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
16 желтоқсанда ағылшын Премьер-лигасының 16-тур матчында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Борнмутты» қабылдайды.
Кездесу Манчестердегі әйгілі «Олд Траффорд» стадионында өтеді. Бас төреші қызметін Саймон Хупер атқарады. Ойынның басталуы қазақстандық уақыт бойынша 01:00-ге жоспарланған, ал тікелей эфирде матчты Setanta Sports телеарнасы көрсетеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
15 турдан кейін «Манчестер Юнайтед» турнирлік кестеде 25 ұпаймен сегізінші орында тұр. Дәл сондай ойын санымен «Борнмут» 20 ұпай жинап, 15-орында орналасқан.