Гол салу оңай, гол соқпау қиын. «Манчестер Юнайтед» 99% гол болу ықтималдығымен сәт жасады
Дегенмен, ондай мүмкіндікті да голға айналдыра алмайтын футболшылар әлі де бар
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Борнмутқа» қарсы матчтың бірінші таймы толықтай «Манчестер Юнайтедтің» статистикалық басымдығымен өтті. Солай болғаны сонша, Рубен Аморимнің шәкірттері футболда сирек кездесетін, нағыз жүз пайыздық сәттер жасады.
«Манчестер Юнайтедтің» алғашқы голын Амад Диаллоның шеберлігімен соғылды және ивуариялық футболшының сол эпизодта гол соғу ықтималдығы 99% деп бағаланды. Яғни, жартылай қорғаушының допты мүлт жіберуі небәрі бір пайыз ғана болатын.
«Манчестерлік» жанкүйерлер үшін қуанышқа орай, ол бұл мүмкіндікті мүлт жібермей гол соқты және бұл гол командаға «Борнмутпен» кездесудегі үзіліске 2:1 есебімен басымдықпен кетуге мүмкіндік берді.