Манчестер Сити Хусановты сатып алмайма? Гвардиола басқа қорғаушыны қатарына қоспақшы
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
"Манчестер Сити" өзбек футболшысы Абдугадир Хусанова трансферін қабылдамай, орнына "Палмейрас" клубының қорғаушысы Витор Рейсті сатып алуы мүмкін.
“Қалалықтар” бразилиялық клубпен келісімге келіп, қорғаушы үшін 40 миллион еуро төлейтін болады. Барлық рәсімдер аяқталып, құжаттар қол қойылғаннан кейін Витор Рейс медициналық тексеруден өтіп, жақында "Сити" клубымен келісімшартқа отырады.
19 жастағы бразилиялық өткен маусымда 38 матч өткізіп, 2 гол соқты. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша оның құны 14 миллион еуро деп бағаланып отыр.