locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Манчестер Сити» «Брентфордты» жеңіп, Англия лигасының кубогы жартылай финалына шықты

Гвардиола командасы Шерки мен Савиньоның дәл соққыларының арқасында жеңіске жетті
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Манчестер Сити» «Брентфордты» жеңіп, Англия лигасының кубогы жартылай финалына шықты
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Сити» еш қиындықсыз «Брентфордты» жеңіп, Англия лигасының кубогы жартылай финалына жолдама алды.

«Қалалықтардың» алаңында өткен ширек финалдық кездесуде алаң иелері әр таймда бір-бір голдан соғып, 2:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Бірінші таймда есепті Райан Шерки ашса, екінші 45 минуттықта алаң иелерінің басымдығын Савиньо еселеді. Екінші гол кезінде ассистент ретінде Тиджани Рейндерс танылды.

Айта кету керек, Эрлинг Холанд бұл матчтың толық уақытын қосалқы құрамда өткізді.

Бұған дейін Carabao Cup ширек финалына «Кардиффті» жеңгеннен кейін «Челси» де шыққан болатын.

Англия лигасының кубогы. Ширек финал

«Манчестер Сити» – «Брентфорд» – 2:0

Голдар: Шерки, 32, Савиньо, 67

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie