«Челси» Кардиффті Кубок лигасында қиын жеңіске жетті
Энцо Марескидің командасы Carabao Cup жартылай финалына шықты
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
17 желтоқсанға қараған түні Англия лигасы Кубогының ширек финалында үшінші лиганың өкілі «Кардифф» пен Лондонның «Челси» командалары кездесті.
Уэльсқа, төменгі дивизион өкіліне жасалған сапар лондондықтар үшін оңай сынақ болған жоқ.
Энцо Марескидің шәкірттері тек 57-минутта Алехандро Гарначоның голынан кейін ғана алға шықты. Алайда уэльстік команда Давид Тернбулдың шеберлігінің арқасында есепті теңестірді.
Дегенмен, аутсайдердің жігері мен қайратына қарамастан, шеберлік басым түсті. Педру Нету «Челси» командасын қайта алға шығарса, Гарначо дубль жасап, командасына турнирдің жартылай финалына жолдама сыйлады.
Англия лигасы Кубогы. Ширек финал
«Кардифф» – «Челси» – 1:3
Голдар: Тернбул, 75 – Гарначо, 57, 90+3, Нету, 82