locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ман Юнайтедтің жағдайы өте ауыр. Жас талант жарақатына байланысты маусымның қалған бөлігінде алаңға шықпайды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Ман Юнайтедтің жағдайы өте ауыр. Жас талант жарақатына байланысты маусымның қалған бөлігінде алаңға шықпайды
ФОТО: Getty Images

“Манчестер Юнайтедтің” жас жұлдызы Амад Диалло жаттығу кезінде балтырынан жарақат алып, маусымның қалған бөлігін жіберіп алуы мүмкін.

"Мен осы хабарламаны маусымның осындай шешуші кезеңде жазғаныма қатты көңілім қалды.

Өкінішке орай, жарақатыма байланысты біраз уақыт үйден шықпаймын.

Мен бұрынғыдан да күштірек ораламын!" - деп футболшы әлеуметтік желіде жарақатын растады.

“Қызыл сойқандардың” келесі ойыны ертең, 17 ақпанда лондондық “Тоттенхэмге” қарсы өтеді. Екі команда да өте әлсіз маусымды өткізуде - олар кестенің төменгі жартысында, 14 және 15 орындарда табан тіреді.

Айта кетейік, Кобби Майну, Мануэль Угарте және Тоби Коллиер де ойын алдында жаттығу кезінде жарақат алған болатын. Майнуғе қалпына келу үшін бірнеше апта қажет, ал Угарте мен Коллиердің “Тоттенхэмге” қарсы ойнауы екіталай.

Ман Сити Мармуштың хет-тригі және Эдерсонның асистімен Ньюкаслды жеңді: Қалалықтар Чемпиондар лигасының аймағына оралды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie