locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Максим мансабындағы келесі қадам жасауға дайын». Адиев Максим Самородовтың әлеуетін жоғары бағалады

Әдиевтің Максимнің болашағы туралы пікірі
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Максим мансабындағы келесі қадам жасауға дайын». Адиев Максим Самородовтың әлеуетін жоғары бағалады
ФОТО: Ахмат ФК

«Химки» клубының бас бапкері Магомед Адиев Грозныйдағы «Ахмат» сапында толық маусым өткізіп жатқан қазақстандық вингер Максим Самородовтың прогресіне оң баға берді. Маманның айтуынша, Самородов Ресей Премьер-лигасының деңгейіне сәтті бейімделіп, жаңа белестерге дайын екенін дәлелдеген.

«Менің ойымша, Макс Самородов «Ахмат» құрамында өзін өте жақсы жағынан көрсетіп жатыр. Қазір ол – негізгі құрамдағы маңызды ойыншылардың бірі. Иә, ол өзіне үйреншікті емес аймақта ойнап жүр, бірақ соған қарамастан, мен оның ойынына көңілім толады. Адаптация кезеңінен сүрінбей өтті»,- деді Адиев Legalbet.kz сайтына берген сұқбатында.

Сондай-ақ, бапкер футболшының алғашқы апталарда Қазақстан чемпионаты мен РПЛ арасындағы ойын қарқынының айырмашылығын сезінгенін, бірақ оны да тез еңсергенін айтты.

«Ол командаға жаңа қосылған кезде, мен әлі «Ахматта» жұмыс істеп жүрген едім. Сол кезде Қазақстан чемпионатынан кейін оған Ресей Премьер-лигасындағы ритм жетіспейтін. Бірақ ол бұл мәселені жылдам шешті. Қазір толық бейімделіп болды. Меніңше, Максим мансабындағы келесі қадам жасауға дайын. Оған қазірдің өзінде Ресейдің бірқатар ірі клубтары қызығушылық танытып отыр. Мен оның жоғары деңгейде де бәсекеге қабілетті болатынына сенемін»,- деп қосты Адиев.

Айта кетейік, 22 жастағы Максим Самородов бұған дейін Магомед Адиевпен Қазақстан құрамасында және «Ахмат» клубында жұмыс істеген. Биылғы маусымда РПЛ аясында 29 матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) нұсқасы бойынша Ресей Премьер-лигасындағы ең қымбат он футболшының қатарына енген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie