Мадридтік «Реал» тек бесінші. 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатының фавориттері анықталды
Opta егжей-тегжейлі статистикасы бар беделді портал клубтық әлем чемпионатын жеңетін фавориттердің тізімін ұсынды.
Бұл атаққа басты үміткер Чемпиондар лигасындағы таңғажайып табысынан кейін франциялық «ПСЖ» (18,5%) аталды. Команда тарихта алғаш рет беделді еурокубокты жеңіп алып, требл жасады. Бірақ париждіктер жеңіске 17,8% мүмкіндігі бар «Ситиден» сәл ғана алда болды.
Үздік бестікке сондай-ақ Германия чемпионы мюнхендік «Бавария» (12,8%), Чемпиондар лигасының финалисті «Интер» (12,3%) және мадридтік «Реал» (9,8%) кірді.
Opta нұсқасы бойынша әлем чемпионатының аутсайдері Жаңа Зеландияның «Окленд Сити» футбол клубы болды - команда «Бавария», «Бенфика» және «Бока Хуниорс» кіретін С тобынан өту үшін тек оннан бір пайыз алды.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді. Бұған дейін турнирдің барлық матчтарын Қазақстанда тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсететіні белгілі болды.