locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сенсация! «Реал» «Райо Вальеканомен» тең түсті

«Сливочные» Мадрид маңындағы қарсыластың қорғанысын бұза алмады
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Сенсация! «Реал» «Райо Вальеканомен» тең түсті
ФОТО: Getty Images

Мадридтің «Реалы» Испания Ла Лигасының 12-турында қарапайым «Райо Вальеканомен» сырт алаңда кездесті.

«Бланкос» бүкіл матч барысында ойынға толықтай үстемдік еткенмен, Мадрид маңындағы қарсыласының қақпасын бағындыра алмады.

Бұл Хаби Алонсо шәкірттерінің Ла Лигадағы биылғы маусымдағы екінші ұпай жоғалтуы – бұған дейін мадридтік дербиде «Атлетикодан» ауыр жеңіліске ұшыраған болатын.

«Сливочныеда» қазір 31 ұпай бар, «Барселонадан» алты ұпайға алда тұр, алайда каталондық ұжым турдың өз кездесуін кейінірек өткізеді. «Райо» болса 15 ұпаймен 12-орында.

Халықаралық үзілістен кейін Алонсо командасы 23 қараша күні «Эльчемен» ойнайды.

Ла Лига, 12-тур
«Реал» Мадрид - «Райо Вальекано» 0:0

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie