Лука Модрич «Реалдағы» болашағы үшін жалақысын азайтуға дайын
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
Мадридтік «Реалдың» 39 жастағы жартылай қорғаушысы Лука Модрич жалақысын қысқартуға дайын, деп хабарлайды Marca.
Ақпарат көзінің мәліметінше, алдағы күндері Модрич пен клуб президенті Флорентино Перес арасында шешуші кездесу өтеді. Хорватиялық футболшы барлық келіссөздерді клубтық әлем чемпионаты басталғанға дейін (15 маусым) аяқтағысы келеді.
Ағымдағы маусымда Лука Модрич барлық турнирлерде 55 матч өткізіп, 4 гол мен 8 нәтижелі паспен көзге түсті. Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының нарықтық құны – 5 миллион еуро.
Айта кетейік, бұған дейін Анхель Ди Мария маусым соңында «Бенфикадан» кететінін ресми түрде мәлімдеген болатын.