Ұлттар лигасы. Қазақстан құрамасы бірінші себетте болады
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: kff.kz
Ұлттар лигасы 2026/27 жылғы маусымының С дивизионы бойынша жеребесінде Қазақстан құрамасы бірінші себетте болады.
- 1-себет: Исландия, Черногория, Албания, Қазақстан;
- 2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения;
- 3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония;
- 4-себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино.
Жеребе тарту рәсімі 2026 жылы өтеді, бірақ әзірге нақты уақыты белгісіз.
Қазақстан құрамасы осы маусымда Ұлттар лигасында В тобында өнер көрсеткен болатын. Топтағы алты матчта бір ұпай ғана жинап, С тобына түсіп қалды.
Шотландиялық төрешілер бригадасы Лихтенштейн – Қазақстан ойынын басқарады