91 жылдан кейін алғаш рет: «Ливерпуль» Кубок лигасынан ұшып кеткен соң тарихи антирекордты қайталады
«Ливерпуль» Англия лигасы кубогының 1/8 финалдық матчында «Кристал Пэласқа» ойсырай жеңілді. «Қызылдар» жауапсыз үш гол жіберіп, клубтың тарихи антирекордын қайталады, деп хабарлайды Opta Sports.
Мерсисайдтықтар өз алаңында кубоктық матчта алғаш рет 91 жылдан бері үш гол өткізіп, өздері бірде-бір гол соқпастан жеңілді. Соңғы рет мұндай жағдай 1934 жылы Англия кубогында «Болтонға» қарсы 0:3 есебімен болған еді.
Бұл «Ливерпульдің» ағылшын турнирлеріндегі қатарынан бесінші жеңілісі, жалпы алғанда алтыншысы. 27 қыркүйектен бастап «қызылдар» барлық турнирлерде топ-лига командалары арасында ең көп матчта жеңіліп отыр.
Алда мерсисайдтықтарды «Астон Вилла», мадридтік «Реал» және «Манчестер Сити» сынды мықты қарсыластармен ауыр кездесулер күтіп тұр.