locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Магуайрдың голы «Манчестер Юнайтедке» «Ливерпульге» қарсы жеңіс сыйлады

Манчестерліктер 2016 жылдан бері алғаш рет «Энфилдте» басты қарсыласын тізе бүктірді
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

«Энфилдте» ағылшын футболының классикалық дербиі өтті: «Ливерпуль» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдады.

Екі команда да ойынды бірден қарқынды бастады. Есепті 2-минутта-ақ «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Брайан Мбемо ашты. Бұл – қарсыластардың «Энфилдтегі» тарихындағы ең жылдам гол.

«Ливерпуль» ұзақ уақыт бойы есепті теңестіре алмады, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай жүрді. Әсіресе бұл жағынан Коди Гакпо көзге түсті. Голландиялық форвард алғашқы 60 минутта үш рет қақпа бағаны мен торын дәл көздегенімен, гол сала алмады.

Дегенмен, Гакпо өз қателігін түзеп, 78-минутта Федерико Кьезаның пасынан кейін есепті теңестірді.

Алайда арада алты минут өткенде «қызыл шайтандар» тағы да алға шықты. Харри Магуайр Бруно Фернандештің асын дәл аяқтады.

Ағылшын чемпиондары бұл жолы қайтадан есепті теңестіре алмады. Нәтижесінде – Рубен Аморим командасы сырт алаңда маңызды жеңіске жетті. Бұл – 2016 жылдан бері принципиалды қарсылас алаңындағы алғашқы жеңіс.

Осылайша, «Арсенал» турнир кестесінде 19 ұпаймен жеке-дара көш бастады. «Ливерпульде» – 15 ұпай, үшінші орын. «Манчестер Юнайтед» 13 ұпаймен тоғызыншы сатыда.

АПЛ, 8-тур
«Ливерпуль» - «Манчестер Юнайтед» 1:2
Голдар: Гакпо, 78 – Мбемо, 2, Магуайр, 84

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie