locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ливерпуль» басшылығы Салахты құрамнан шеттетеді

Оған ойыншының клубтағы жағдай туралы ашық мәлімдемесі себеп болды
«Ливерпуль» басшылығы Салахты құрамнан шығарады
ФОТО: gettyimages.com

Мохамед Салах Чемпиондар лигасындағы «Интерге» қарсы ойында «Ливерпуль» құрамынан шығарылды. Бұл шешімге оның клубтағы жағдай туралы жария түрде пікір білдіруі себеп болған, бұл мерсисайдтық басшылықтың көңілінен шықпады.

Бүгін «Ливерпульдің» бас бапкері қалыптасқан жағдайға қатысты түсініктеме береді, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

7 желтоқсанда клубта шұғыл жиналыс өткендігі және ойыншының АПЛ-дегі «Лидспен» (3:3) болған матчтан кейінгі мәлімдемелерінен соң оның тәртібі талқыланғаны белгілі болды.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы турдағы «Интерге» қарсы матч 10 желтоқсанда өтеді.

ФОТО: Х
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie