«Ливерпуль» – «Арсенал» – 1:0. Собослаи соққан шедевр және «зеңбірекшілердің» үзілген арманы. Матчқа бейнешолу
31 тамызда Англияның басты назары – «Энфилд» аренасында өткен «Ливерпуль» пен «Арсенал» арасындағы кездесу болды. Афиша ақталды: қос команда жанкүйерлерге жүйкені жұқартқан шиеленісті айқас сыйлады, ал бәрін шешкен жалғыз дәл соққы еді.
Алғашқы тайм сақтықпен өтті: «Арсенал» допты көбірек бақылағанымен, шабуылда өткірлік жетіспеді, ал алаң иелері жылдам қарсы шабуылдарға сенім артты. Ең маңызды сәт үзілістен кейін туды. 83-минутта мажар жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи жауапкершілікті өз мойнына алып, айып добынан нағыз шедевр орындады – доп Давид Райя қақпасының торына сүңгіп, «Арсенал» қақпашысына еш мүмкіндік қалдырмады.
Финалдық ысқырыққа дейін Микель Артетаның шәкірттері жанкештілікпен теңестіруге тырысқанымен, «Ливерпульдің» қорғанысы сенімді ойнап, минималды басымдықты сақтап қалды.
Сіздердің назарларыңызға матчтың толық бейнешолуын ұсынамыз.