locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Арсенал» «Энфилдте» сүрінді: Собослаи шедеврі Артета командасын күйретті

«Ливерпуль» «Арсеналды» тізе бүктірді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Арсенал» «Энфилдте» сүрінді: Собослаи шедеврі Артета командасын күйретті
ФОТО: ФК ЛИВЕРПУЛЬ

31 тамыз күні Англия Премьер-лигасының 3-турында жанкүйерлер «Энфилдте» өткен нағыз тартысты кездесудің куәсі болды. «Ливерпуль» мен «Арсеналдың» ойынында тағдырды жалғыз ғана тамаша гол шешті.

83-минутта мажарлық жартылай қорғаушы Доминик Собослаи айып добын шебер орындап, «қызылдарға» жеңіс сыйлады. Бұл гол стадионды дүр сілкіндіріп, матчтың басты көрінісіне айналды.

Қонақтар соңғы минуттарда есепті теңестіруге тырысқанымен, «Ливерпульдің» қорғанысы берік болып, «Арсеналға» мүмкіндік берген жоқ. Осылайша, Микель Артетаның командасы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, ал Слот шәкірттері турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі орнын нығайтты.

АПЛ, 3-тур
«Ливерпуль» — «Арсенал» — 1:0 (0:0)
Гол: Собослаи, 83 (1:0).

Келесі ойында «Арсенал» 13 қыркүйекте «Ноттингем Форестті» қабылдайды. Ал «Ливерпуль» 14 қыркүйекте «Бернлимен» кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie