«Ливерпуль» алғашқы таймда «Айнтрахтқа» үш гол соқты. Мұндай оқиға көптен бері болмаған
Арне Слоттың шәкірттері өздеріне сенімділік жинай бастады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің үшінші турындағы «Айнтрахт» пен «Ливерпуль» арасындағы матчтың алғашқы таймы ағылшын командасының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Арне Слоттың шәкірттері алғаш рет ұзақ уақыттан бері қарсыласының қақпасына алғашқы таймда үш гол соқты.
Соңғы рет «Ливерпульден» алғашқы 45 минутта үш голды 27 сәуірде АПЛ аясында «Тоттенхэм» жіберген болатын. Ол кезде Слот командасы үшін Луис Диас, Алексис Макаллистер және Коди Гакпо гол соқса, бұл жолы Вирджил ван Дейк, Уго Экитике және Ибрагима Конате көзге түсті.
«Ливерпульдің» қосалқы құрамында Мохамед Салах қалды, оны қыста команда ұзақ уақытқа жоғалтып алуы мүмкін.