Бұл ақыры болды! Вирц екі айдан кейін алғаш рет «Ливерпуль» сапында нәтижелі қимыл жасады
Бұл сәтті ұзақ күттік
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Ливерпульдің» қымбат трансфері Флориан Вирцтың нәтижесіз сериясы жанкүйерлердің әзіл-сықақ тақырыбына айналған еді. Әзірге неміс футболшысы голмен көзге түсе алмай жүр, бірақ Чемпиондар лигасындағы «Айнтрахтқа» қарсы матчта ол ақыры нәтижелі пас берді.
Еурокубок ойынында жартылай қорғаушы Доминик Собослаиге ассист жасап, бұл Вирцтың «Ливерпуль» сапындағы алғашқы нәтижелі әрекеті болды. Ол соңғы рет 10 тамызда Англия Суперкубогында «Кристал Пэласқа» қарсы матчта да голдық пас берген еді.
Ортадағы ойыншының үнсіздігі он матчқа созылды, бірақ әзірге ол Арне Слот жаттықтыратын команданың сапында әлі де гол соққан жоқ. Айта кетейік, «Айнтрахтпен» болған ойында «Ливерпуль» қызықты жетістікке қол жеткізді.