locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Лиссабондағы ремонтада! Барселона Бенфикаға қарсы камбэк жасай алды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Лиссабондағы ремонтада! Барселона Бенфикаға қарсы камбек жасай алды
ФОТО: Getty Images

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 7-ші турында “Бенфика” мен “Барселона” арасындағы ойын аяқталды.

Матчтың 2-ші минутында “Бенфика” алғашқы соққыны жүзеге асыра алды – Павлидис гол соқты. Бірақ, 13-ші минутта Левандовски пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. Одан кейін қонақтардың қақпашысы Войцех Щесный екі өрескел қателік жіберіп, “қырандарға” алға шығып, есепті бекітуге мүмкіндік берді. Екі голды да Павлидис салып 30-шы минутта хет-трик жасап үлгерді. Екінші тайм матчтың тамаша нәтижесін көрсетті - 4:2 есебімен жеңіліп келе жатқан “Барселона” ойынның нәтижесін толықтай өзгерте алды. Рафинья жеңіс голын соқты. Нәтижесінде таблода 4:5 болып, каталондықтар сырт алаңда 3 ұпайды жұлып алды.

Чемпиондар Лигасы. Жалпы кезең. 22-ші қаңтар

Бенфика (Португалия) - Барселона (Испания) - 4;5

Голдар: Павлидис, 2, 23, 30 (пенальти), Араухо, 68 (автогол) - Левандовски, 13 (пенальти), 78 (пенальти), Рафинья, 64, 90+6, Гарсия, 85.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie