Бенфика - Барселона - 4:5. 9 гол салынған керемет камбэк! Голдар және матчқа бейнешолу
22 қаңтарға қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 7-ші турында “Бенфика” мен “Барселона” (4:5) арасындағы ойын өтті.
Вангелис Павлидис кездесуде көзге түсіп, ойынның бірінші жарты сағатында 3 гол соқты. Бірінші таймда Левандовски де 11-метрлікті сәтті орындай алды. Ал матчтың екінші жартысында камбэк болды – “Барса” 78-ші минутта 2:4 есебімен жеңіліп келе жатып, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Левандовски камбэкті бастап, пенальтиден қайтадан гол соқты. Артынша Эрик Гарсия “қырандардың” қақпасына баспен дәл соққы жасады. Ал Рафинья “Барселонаға” жеңіс әкелді – ол қорғаушылардан бөлініп шығып, қақпашыға қарсы бірге-бір шығып, одан айласын асырды.
Чемпиондар Лигасы. Жалпы кезең. 22-ші қаңтар.
Бенфика (Португалия) - Барселона (Испания) - 4;5
Голдар: Павлидис, 2, 23, 30 (пенальти), Араухо, 68 (автогол) - Левандовски, 13 (пенальти), 78 (пенальти), Рафинья, 64, 90+6, Гарсия, 85.
Матчқа бейнешолу: