Левандовский қаңтарда «Барселонадан» кете ме — белгілі болды
Мұндай нұсқа қарастырылмайды
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Тәжірибелі шабуылшы Роберт Левандовский қаңтарда «Барсаны» тастап кету мүмкіндігін ешқашан қарастырмаған, әрі қазіргі уақытта мансабын аяқтау туралы әңгіме жоқ.
Фабрицио Романоның мәліметінше, поляк ардагері маусым айына дейін барлық титул үшін күресіп, толықтай «Барсаға» назар аударып жүр. Осыдан кейін Роберт клубта қалу мүмкіндігі бар-жоғын немесе мансабында жаңа кезең бастау уақыты келген-келмегенін бағалайды.
Бұған дейін «Милан» 37 жастағы Левандовскийге көз тіккені хабарланған болатын. «Россонерилер» келесі жазда поляк шабуылшысын еркін агент ретінде қатарға қосуды көздейді, өйткені сол кезде оның «Барселонамен» келісімшарты аяқталады.