«Милан» қаңтарда Левандовскийді сатып алуды қарастыруда
«Россонериге» жаңа орталық шабуылшы келе ме?
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Милан» шабуыл шебін күшейтуге белсенді кірісіп, «Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовскийді қысқы трансфер терезесінде-ақ, жазды күтпей-ақ, өз қатарына қосуы мүмкін.
Diario SPORT деректеріне сүйенсек, «россонерилер» «блауграның» орталық шабуылшысын басты нысанаға айналдырды және 2026 жылдың қаңтарында трансфер жасамақ ниетте.
Алайда, поляк шабуылшысы өз келісімшарты аяқталатын 2026 жылдың жазына дейін «Барселонада» қалуға бекем ниетті. Бұдан бөлек, ол Испанияда өнер көрсетуін жалғастыруға құлшынып, тіпті осы мақсатқа жалақысын азайтуға дайын екені хабарланды.
Бұған дейін «Барселона» Майамидегі күші жойылған матчтың орнына қарсылас іздеп жүр: Мароккода жолдастық кездесу өтуі мүмкін екені айтылған.