locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Левандовски ЧЛ плей-офф кезеңіндегі голдар саны бойынша үшінші орынға көтерілді

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Левандовски ЧЛ плей-офф кезеңіндегі голдар саны бойынша үшінші орынға көтерілді
Фото: gettyimages

Оныншы сәуірге қараған түні Чемпиондар лигасы ширек финалының кезекті матчында «Барселона» өз алаңында дортмундтық «Боруссияны» қабылдады.

Аталған матчта каталониялық клуб айқын басымдықпен дортмундтық клубты 4:0 есебімен жеңген еді. Ойынның үздiгi атанған Роберт Левандовски екі гол соқты. Осылайша ол Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі голдар саны бойынша үшінші орынға көтерілді.

Бірінші орында 67 голмен португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду жайғасқан. Ал екінші орында 49 голмен аргентиналық шабуылшы Лионель Месси тұр. Үздік үштікті франциялық шабуылшы Карим Бензема мен польшалық шабуылшы Роберт Левандовски түйіндеді. Екеуінің еншісінде 34 голдан бар.

Сондай-ақ, Роберт Левандовски Чемпиондар Лигасы тарихында үш түрлі команда үшін бір маусымда 10 гол соққан алғашқы футболшы болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie