Ла Масия түлегінің тағы бір рекорды. Кубарси қандай рекорд жаңартты?
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Оныншы сәуірге қараған түні Чемпиондар лигасы ширек финалының кезекті матчтары өтті.
Испанияның «Барселона» клубы өз алаңында Германияның «Боруссия» клубын қабылдады. Аталған матчта каталониялық клуб айқын басымдық танытып, дортмундтық «Боруссияны» 4:0 есебімен жеңген еді.
Бұл матчта Ла Масия түлектері екі бірдей рекорд жаңартқан болатын. Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында 20 матч өткізген ең жас (17 жас 270 күн) ойыншы атанды. Сонымен қатар, ол Чемпиондар лигасының ширек финалында гол соққан ең жас ойыншы болды.
Ал Пау Кубарси ЧЛ-да нәтижелі пас берген ең жас (18 жас 77 күн) қорғаушы атанды. Ол 2004 жылы тіркелген Венсан Компанидің рекордын (18 жас 193 күн) жаңартты.