locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Легионерлер кете ма? Мемлекет басшысы легионерлерді қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойды

Футбол 15 сәу 2025 07:15
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Легионерлер кете ма? Мемлекет басшысы легионерлерді қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойды
ФОТО: ФК Астана

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжаттың негізгі тармақтарының бірі – шетелдік легионерлерді мемлекеттік бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан қаржыландыруға тыйым салу, деп «Ақорда» баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа заңға сәйкес, бюджеттік қаржыландыру енді тек бұқаралық спортты, инфрақұрылымды дамытуға, мемлекеттік институттардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ қазақстандық спортшылар мен спорттың басым түрлерін қолдауға бағытталатын болады.

Осылайша, клубтар шетелдік ойыншыларға жалақы төлеу үшін қаржы көздерін өз бетінше іздеуі керек. Заң күшіне енгенге дейін келісім-шарт жасалған легионерлерге ғана ерекше жағдай жасалды - мұндай келісімдер олар аяқталғанға дейін жарамды болады.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, кәсіби клубтар 2024 жылдың ортасында жаңа ережелер туралы алдын ала ескертілген. Дегенмен, 2025 жылғы маусымның басталуына қарай көптеген командалардың тізімінде әлі де айтарлықтай шетелдік ойыншылар болады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie