locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» еурокубоктағы алғашқы матчтар алдында қазақстандық клубтарға сәттілік тіледі

Астана клубы іріктеу кезеңінің алдындағы алғашқы кездесулер қарсаңында ел клубтарына қолдау білдірді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Астана» еурокубоктағы алғашқы матчтар алдында қазақстандық клубтарға сәттілік тіледі
ФОТО: Астана ФК

Футболдан елордалық «Астана» клубы 2025/26 жылғы еурокубок маусымының алдында жанкүйерлер мен қазақстандық командаларға қолдау білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Клубтың ресми парақшасында еліміздің атынан сынға түсетін үш командаға сәттілік тілеген жазба жарияланды.

«Алда өтетін маңызды матчтарда қазақстандық клубтарға сәттілік тілейміз! Ең бастысы – жарақатсыз ойын өткізіп, сапалы футбол көрсетіп, Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныту», – делінген «Астананың» мәлімдемесінде.

Алматының «Қайраты» өз жолын 8 шілдеде бастайды – команда Словенияда «Олимпияға» қонаққа барады.

Ал 10 шілде күні шымкенттік «Ордабасы» Грузияның Кутаиси қаласында жергілікті «Торпедомен» кездеседі. Келесі күні, 11 шілдеде, «Ақтөбе» Варшавада Польшаның «Легиясымен» ойнайды.

Айта кетейік, елордалық «Астана» еурокубок бәсекесін кейінірек – Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қарсыласы – Молдованың «Зимбру» клубы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie