Куртуа «Аль-Хиляльмен» болған тең ойын жайлы: бірінші таймда тым баяу қимылдадық


«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа клубтық әлем чемпионатындағы алғашқы матчта «Аль-Хиляльге» қарсы тең ойынды (1:1) түсіндірді. Еске салсақ, қосымша уақытта Федерико Вальверде пенальтиден мүлт кеткен болатын.
«Бірінші таймда тым баяу болдық, өз ырғағымызды табу қиынға соқты, ал қарсылас жақсырақ ойнады. Біз гол соқтық, бірақ олар пенальтиден есепті теңестірді. Екінші таймда ойынымыз жақсарды. Егер осы қарқынмен жалғастырсақ, бірнеше жеңіске жетеміз деп сенемін», – деді Куртуа FIFA ресми сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, клубтық әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтуде. Жарысқа 32 команда қатысады, олар 4 командадан 8 топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді.
Александер-Арнольд «Реалдағы» алғашқы ойыны туралы пікір білдірді.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11