Күтпеген мойындау. Пеп Гвардиола өзінің қартайып жатқанын айтты
«Манчестер Сити» футбол клубының бас бапкері Пеп Гвардиола УЕФА чемпиондар лигасындағы «Байерге» қарсы матч алдында пікір білдірді.
«Мен өзімнің қартайып бара жатқанымды түсініп жүрмін. Әр демалыс – ерекше бір оқиғаға айналды, бұл – керемет сезім. Бұл біз әр маусым сайын осы жолдан өтіп жүргенімізді білдіреді. Чемпиондар лигасы – үлкен дода, ойыншылар мен бапкерлер үшін, барлығымыз үшін ерекше әрі тамаша турнир. Еуропаның үздік командаларына қарсы сынға түсу – керемет тәжірибе.
Біз турнирдің жартысын артқа тастадық және төрт тамаша ойын өткіздік. Тіпті «Монакомен» болған (2:2 есебімен аяқталған) кездесуде де біз керемет ойын көрсеттік. Енді алда төрт шешуші матч қалды: екеуі өз алаңымызда, екеуі қонақта. Бізді Бундеслига турнирлік кестесінде үшінші орында тұрған командаға қарсы өте маңызды кездесу күтіп тұр».
«Ман Сити» мен «Байер» арасындағы ойын 26 қарашаға қараған түні өтеді. Басталуы – 01:00. Тікелей эфирді осы жерден тамашалай аласыз.