locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Константин Горовенко «Ұлытауды» жаттықтыруы мүмкін: маман Жезқазған клубымен келіссөздер жүргізуде

Футбол 19 мам 2025 03:15
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Константин Горовенко «Ұлытауды» жаттықтыруы мүмкін: маман Жезқазған клубымен келіссөздер жүргізуде
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық футбол бапкері Константин Горовенко Жезқазғанның «Ұлытау» клубының бас бапкері қызметіне үміткер ретінде қарастырылып жатыр, деп хабарлады журналист Ермұхамед Мәулен.

Дереккөздің мәліметінше, Горовенко шынымен де бас бапкер лауазымына үміткерлердің қатарында және шешім жақын арада қабылдануы мүмкін.

Еске салайық, 21 сәуір күні «Атырау» футбол клубы Константин Горовенкомен келісімшартты бұзғанын ресми түрде жариялады. Маман клубтан өз еркімен кеткен.

48 жастағы бапкер маусым басталар алдында «мұнайшыларды» жаттықтыра бастаған болатын, командамен екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алайда чемпионаттың басында «Атырау» сәтсіз өнер көрсетті: Премьер-лигада алты ойынның тек біреуінде жеңіске жетіп, Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде-ақ жарыстан шығып қалды. Бұл сәтсіз нәтижелер бапкердің клубтан кетуіне себеп болған секілді.

Енді, егер «Ұлытаумен» келіссөздер сәтті аяқталса, Горовенко бапкерлік мансабын Жезқазғанда жалғастыруы мүмкін.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie