Конференциялар Лигасы: 1/4 финал қарымта матчтарының кестесі және оны қайдан көруге болады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
2024/2025 жылғы маусымдағы УЕФА Конференциялар лигасының ширек финалындағы қарымта кездесулер 17 сәуір кешкісін және 18 сәуірге қараған түні өтеді.
Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесі төмендегідей:
21:45 – «Фиорентина» (Италия) — «Целе» (Словения) (алғашқы ойын – 2:1)
21:45 – «Ягеллония» (Польша) — «Бетис» (Испания) (0:2)
00:00 – «Челси» (Англия) — «Легия» (Польша) (3:0)
00:00 – «Рапид» Вена (Австрия) — «Юргорден» (Швеция) (1:0)
Тікелей эфирде көрсететін арналар:
- Qazsport — «Фиорентина» мен «Целе» ойынын көрсетеді
- Qsport — «Ягеллония» – «Бетис» және «Челси» – «Легия» матчтарын ұсынады
Конференциялар лигасының қазіргі жеңімпазы — Грекиялық «Олимпиакос» клубы.