Конференция лигасының сенсациясы: «Челси» алғаш рет жеңілгенімен, жартылай финалға шықты
Лондондық «Челси» УЕФА Конференциялар лигасының жартылай финалына шықты. 17 сәуірдеy 18-не қараған түні өткен жауапты ойында команда Варшаваның «Легиясынан» 1:2 есебімен жеңіліп қалса да, екі матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.
Польшалық клубтың голдарын 10-минутта пенальтиден Томаш Пекгарт және 53-минутта Стив Каруади соқты. «Челсидің» жалғыз голын 33-минутта Марк Кукурелья соқты.
Алғашқы кездесу 10 сәуірде өткен болатын, онда Энцо Марески баптайтын «Челси» «Легияны» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл матчта Джордж пен дубль авторы Мадуэке көзге түсті.
УЕФА Конференциялар лигасы. 1/4 финал. Жауапты матч
«Челси» (Англия) – «Легия» (Польша) – 1:2
Голдар: Кукурелья, 33 – Пекгарт, 10 (пен.), Каруади, 53
Қос матчтың қорытынды есебі: 4:2. Келесі кезеңге «Челси» өтті.
Айта кетейік, «Легия» турнир барысында «Челсиді» жеңген алғашқы команда болды. Бұған дейін Маресканың шәкірттері барлық кездесуде жеңіске жетіп келген.
Жартылай финалда «Челси» «Рапид» – «Юргорден» жұбының жеңімпазымен кездеседі.