locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінің үздік ойыншылары анықталды

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалының үздік құрамасы жарияланды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінің үздік ойыншылары анықталды
ФОТО: Getty images

29 маусым мен 2 шілде аралығында өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінің қорытындысы бойынша символикалық құрама анықталды. Үздік он бір ойыншы қатарына «Реал», «Челси», «ПСЖ», «Әл-Хиләл» сынды алпауыт клубтардың өкілдері енді.

Шабуыл шебін Харри Кейн («Бавария») мен Серау Гирасси («Боруссия» Дортмунд) толықтырса, олардың қатарына мадридтік «Реалдың» жас жұлдызы Гонсало Гарсия қосылды. Ол «Ювентус» қақпасына шешуші гол соғып, командасын ширек финалға алып шықты.

Ортаңғы алаңда – Коул Палмер мен Рис Джеймс («Челси»), Ричард Риос («Палмейрас»), Жоау Невеш («ПСЖ»). Әсіресе, Палмердің «Бенфикаға» қарсы матчтағы шешуші ойы ерекше аталып өтті – ол қосымша уақытта тағдырды шешкен ойыншы болды.

Қорғаныс шебінде тәжірибелі Тьяго Силва («Флуминенсе») мен Калиду Кулибали («Әл-Хиләл») жарқыраса, қапталда Рис Джеймс («Челси») пен Ашраф Хакими («ПСЖ») ойынымен көзге түсті. Қақпаны «Әл-Хиләлдің» сенімді ойыншысы Яссин Буну қорғады – ол «Манчестер Ситидің» қосымша уақыттағы шабуылдарын тойтарып, нағыз батырға айналды.

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының 2025 жылғы 1/8 финалының символикалық құрамасы (World Club Football нұсқасы бойынша):

Қақпашы: Яссин Буну («Әл-Хиләл»).

Қорғаушылар: Рис Джеймс («Челси»), Тьяго Силва («Флуминенсе»), Калиду Кулибали («Әл-Хиләл»), Ашраф Хакими («ПСЖ»).

Жартылай қорғаушылар: Коул Палмер («Челси»), Жоау Невеш («ПСЖ»), Ричард Риос («Палмейрас»).

Шабуылшылар: Гарри Кейн («Бавария»), Серау Гирасси («Боруссия» Д), Гонсало Гарсия («Реал»).

Айта кетейік, ширек финалға «Реал», «Челси», «Әл-Хиләл», «Боруссия», «Бавария», «ПСЖ», «Флуминенсе» және «Палмейрас» командалары жолдама алды.

Ширек финалдық кездесулер 4 және 5 шілде күндері өтеді.

ФОТО: World Club Football
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie