КӘЧ-2025 турнирінің ширек финалдық жұптары белгілі болды
АҚШ-та өтіп жатқан жарыста сегіз үздік клуб титул үшін таласты жалғастырады
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Клубтық әлем чемпионатының 1/8 финал кезеңі аяқталып, ширек финалға жолдама алған командалар толық анықталды.
Енді Еуропа, Оңтүстік Америка және Азияның үздік клубтары әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.
КӘЧ-2025 ширек финалының жұптары:
- «Флуминенсе» (Бразилия) — «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы)
- «Палмейрас» (Бразилия) — «Челси» (Англия)
- «ПСЖ» (Франция) — «Бавария» (Германия)
- «Реал» Мадрид (Испания) — «Боруссия» Дортмунд (Германия)
Ширек финал ойындары АҚШ-та өтеді. Бұл ел қазіргі уақытта КӘЧ-2025 турнирінің финалдық кезеңін қабылдап жатыр.
Гирасси дубль жасап, «Боруссияны» КӘЧ ширек финалына шығарды.