Клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Пальмейрас» - «Аль Ахли» ойыны үзілді. Не болып қалды?
КӘЧ матчының тоқтау себебі
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
19 маусымда клубтар арасындағы әлем чемпионатының А тобындағы екінші турдың ойыны бразилиялық «Палмейрас» пен мысырлық «Әл-Ахли» командалары арасында өтуде.
Ойынның бірінші жартысы голсыз тең аяқталса, екінші таймда бразилиялықтар 15 минутта екі гол соғып үлгерді. Бірақ 60-минутта ойын үзілді, тоқтауға ауа райының қолайсыздығы себеп болды. Ист-Рутерфордқа (Нью-Джерси, АҚШ) дауыл жақындап, екі команданың ойыншылары да трибунаға кіріп кетті, ал көрермендерден аренадан шығып, баспана табуды сұрады.
Бірінші турда екі команда да голсыз тең ойнады – «Әл-Ахли» «Интер Майамимен», «Палмейрас» португалиялық «Портумен» кездесті