locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Килиан Мбаппе «Реалдың» маусымдағы ең үздік ойыншысы атану туралы: Бұл арманмен күн сайын өмір сүру - құрмет

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы командада маусымның ең үздік ойыншысы атану туралы айтты
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Килиан Мбаппе «Реалдың» маусымдағы ең үздік ойыншысы атану туралы: Бұл арманмен күн сайын өмір сүру - құрмет
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе команданың 2024/25 маусымындағы үздік ойыншысы атанғаннан кейін клуб жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Алғашқы күннен бастап махаббаты мен сенімі үшін барша мадридисттерге үлкен рахмет. Бұл арманмен күн сайын өмір сүру үлкен мәртебе. Hala Madrid», - деп жазды футболшы Әлеуметтік желідегі парақшасында.

Килиан Ла Лиганың 34 ойынында 31 гол соғып, Испания чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Француздық футболшы мадридтік жейдемен 54 кездесуде барлығы 42 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Ол сонымен қатар бірнеше рекордтарды жаңартып, «Реал» Мадрид тарихындағы ең жақсы дебюттік маусымды өткізді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie