Кенжебектің агенті — «Елімайға» көшу туралы: Шешімді бірге қабылдадық, бапкердің қызығушылығы зор болды
22 жастағы Ғалымжан Кенжебек «Кошице» клубынан кеткен соң, мансабын «Елімай» сапында жалғастыратыны белгілі болды. BorodAbata.kz тілшісіне берген сұхбатында оның агенті Мамука Ломидзе бұл шешімнің қалай қабылданғанын айтып берді.
— Кенжебектің Қазақстанға қайта оралуын көпшілік күтпеді. Бұл шешім неге байланысты қабылданды?
— Бұл шешімді бірге қабылдадық. Біз «Елімайды» таңдадық, себебі олардың бапкері Ғалымжанға үлкен қызығушылық танытты. Бұл әр футболшы үшін маңызды әрі оның дамуына оң әсер етеді. Мұндай ауысымнан ешқандай мәселе көріп тұрғаным жоқ — команда мықты, еурокубоктар үшін күресіп жатыр. Ғалымжан сол мақсатқа жетуге көмектеседі деп үміттенемін. Тек аман-сау болсын.
Айта кетейік, Кенжебек осы жазда Словакияның «Кошице» клубынан кеткен болатын.
Кенжебек Еуропаға қайта оралады — Ахметов ойыншының жоспарын айтты.