Кенжебек Еуропаға қайта оралады — Ахметов ойыншының жоспарын айтты
Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Ғалымжан Кенжебектің маусым соңында «Елімайдан» кететінін растады
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстан құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов «Fonteam» YouTube-арнасына берген сұхбатында Ғалымжан Кенжебектің алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.
«Біз Астанада біраз уақыт бірге жаттықтық. Ол соңына дейін шетелден ұсыныстар күтті, бірақ нақты әрі ұзақ мерзімді ұсыныстар болмаған сияқты. Еуропада қалғысы келді, алайда уақыт тығыз болған соң, шешім қабылдау керек болды. Оның айтуынша — жыл соңына дейін «Елимайда» ойнайды, одан кейін Еуропада жалғастырады», — деді Ахметов.
Еске салайық, 2 шілде күні Кенжебек күтпеген жерден Словакияның «Кошице» клубынан кеткенін хабарлап, келесі күні «Елимайдың» ойыншысы атанды.
Ғалымжан Кенжебек «Елімайдың» ойыншысы атанды