locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресей атынан өнер көрсететін қазақ қызы Мәскеудегі турнирдегі жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Спортшы жетістікке жету жолында қолдау көрсеткен жаттықтырушарына, отбасына және барша жанкүйеріне алғыс білдірді
Бокс
Фото: Федерация бокса России

Этникалық қазақ, спортшы Салтанат Меденова Ресей чемпионатында бесінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желілерде мәлімдеді.

Меденованың айтуынша, бұл турнир ол үшін Ресей чемпионатындағы жетінші дода болды, ал жеңісі мансабындағы мерейтойлық бесінші алтын медальға айналды.

Спортшы жаттықтырушыларына, отбасына және жетістікке жету жолында қолдау көрсеткен барша жанға алғыс білдірді.

«Бұл — жүрегімде мәңгі қалатын ерекше жеңіс. Тұғырдың ең биік сатысына бес рет көтерілдім — әр жолы берілген мүмкіндіктері мен берілмей күресуге күш бергені үшін Жаратқанға алғысым одан сайын арта түсті», — деп жазды Меденова.

Ол сондай-ақ алда жаңа мақсаттары мен жоспарлары бар мазмұнды әрі жауапты 2027 жыл күтіп тұрғанын атап өтті. Қазір спортшы аздап демалып, отбасымен уақыт өткізуді жоспарлап отыр.

«Басыма түскеннің, қазір бардың және алда болатынның бәрі үшін әлхамдулиллаһ», — деп сөзін қорытындылады Меденова.

Айта кетейік, чемпионат Мәскеуде өтті, ал оның жеңімпаздары 1,5 миллион рубльден (8,4 миллион теңге) сыйақы алды.

Салтанат Меденова несімен танымал

2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалында Салтанат Меденова Еуропа чемпионатының қола жүлдегері әрі 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Еуропаның екі дүркін чемпионы, түркиялық Исильдар Бусрудан басым түсті. Чемпионаттың алтын медалін жеңіп алғаннан кейін спортшы қазақ бола тұра халықаралық жарыстарда не себепті Ресей атынан өнер көрсететінін айтып берді.

«Мен әлем чемпионы болуды бәрінен де қатты армандадым. Бұл ақша сертификаты үшін жасалған арман емес еді. Менің арманым — тұғырда тұрып, Ресей Федерациясының әнұранын орындау болатын. Мен өзім қазақпын. Қазақстаннан көп адам маған: "Отаныңа қайт" деп жазады. Бірақ менің отаным — Ресей. Мен осында туып-өстім», — деп Меденованың сөзін келтірді Match ТВ.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie