locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Гирасси дубль жасап, «Боруссияны» КӘЧ ширек финалына шығарды

Неміс клубы плей-оффты жеңіспен бастап, енді «Реалмен» кездеседі
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Гирасси дубль жасап, «Боруссияны» КӘЧ ширек финалына шығарды
ФОТО: Getty Images

Клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалында дортмундтық «Боруссия» мексикалық «Монтеррейді» 2:1 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыру құқығына ие болды.

Кездесудің басты қаһарманы — Сериу Гирасси. Шабуылшы алғашқы таймда екі рет мергендік танытты — 14 және 24 минуттарда допты қақпаға дәл бағыттады. «Монтеррей» екінші таймда бір голмен жауап бергенімен, немістер жеңісті уысынан шығармады.

КӘЧ. 1/8 финал

«Боруссия» Дортмунд — «Монтеррей» — 2:1 (2:0)

Голдар: Гирасси, 14, 24 — Бертераме, 48

Ширек финалда дортмундтықтар мадридтік «Реалмен» кездеседі. Айта кетейік, испандық клуб бір күн бұрын «Ювентусты» 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған. Ойын 6 шілде күні таңғы уақытта өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie