КӘЧ басты ғажайыбы! Мектеп мұғалімі «Окленд Ситиге» турнирдегі алғашқы ұпайын әкелді


Маусымның 24-нен 25-не қараған түні клубтар арасындағы әлем чемпионатының С тобындағы үшінші турында «Окленд Сити» мен «Бока Хуниорс» арасында ойыны өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ойын толығымен «Боканың» айтуымен өтті. Аргентиналықтар матчтың басынан-ақ допты өз аяқтарына алып, иемдену пайызын 70%-дан төмендетпеді. Әрине, олар есеп ашты – 26-минутта Жаңа Зеландия командасының қақпашысы допты өз қақпасына бағыттады.
Екінші таймда «Боканың» қысымы төмендеген жоқ, бірақ 52-минутта ғажайып оқиға орын алып, «Окленд» турнирдегі алғашқы голын соқты – доп авторы қорғаушы және мектеп мұғалімі Кристиан Грэй болды. Осы голдан кейін небәрі төрт минут өткенде ауа райына байланысты матч тоқтатылды. Ал ұзақ үзілістен кейін есеп өзгерген жоқ.
Нәтижесінде, «Окленд Сити» сенсациялық түрде турнирдегі алғашқы ұпайына ие болды. Алайда бұл кездесу топтағы жағдайға әсер еткен жоқ – параллель матчтың қатысушылары «Бенфика» мен «Бавария» турнирдің плей-офф кезеңіне өтті.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. С тобы. 3-тур. 25 маусым
«Окленд Сити» (Жаңа Зеландия) – «Бока Хуниорс» (Аргентина) – 1:1
Голдар: Грэй, 52 – Гарроу, 26 (автогол).

Бокс
Бүгін 17:10

Бокс
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 12:07