locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Бенфика» топтағы бірінші орын үшін шешуші кездесуде «Баварияны» ұтты

Кездесудің нәтижесін матч басындағы бір гол шешті
ФОТО: Getty Images

Маусымның 24-інен 25-іне қараған түні «Бенфика» мен «Бавария» арасында клубтар арасындағы әлем чемпионатының С тобындағы үшінші тур ойыны өтті.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Шарлоттағы (Солтүстік Каролина, АҚШ) «Банк оф Америка» стадионында өткен ойын «бүркіттердің» минималды жеңісімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз голды 13-минута норвегиялық «Бенфика» ойыншысы Андреас Шельдеруп соқты. Мюнхендік команда есесін қайтаруға тырысып, тіпті екінші таймда есепті теңестіре алды, бірақ бейнеқайталауды қарап шыққан төреші голды жоққа шығарды.

Осылайша, «Бенфика» «Баварияны» шешуші ойында жеңіп, топтағы бірінші орын үшін жарыста оны басып озды. Плей-оффтың бірінші кезеңінде португалиялық команда «Челсимен» немесе «Эсперанспен» кездеседі, ал «Бавария» «Фламенгомен» ойнайды.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. С тобы. 3-тур. 25 маусым

«Бенфика» (Португалия) – «Бавария» (Германия) – 1:0

Гол: Шельдеруп, 13.

ФОТО: ФК Бенфика
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie