Карло АНЧЕЛОТТИ: \"Мен спорттың арқасында әлі өмір сүріп жатырмын, алда ұзақ өмір күтіп тұр\"
Карло Анчелотти бүгін маусымның қорытындысы бойынша марапаттау рәсімінде ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік бапкері атанды. Марапатты тапсырғаннан кейін “Реал Мадрид” бапкері сөз сөйледі.
“Бұл жүлдені алу мен үшін мәртебе. Мен ФИФА және ФИФА президентіне алғысымды білдіргім келеді, сонымен қатар бұл жүлдені өз клубыммен бөліскім келеді. Флорентино Переспен, ол маған әлемдегі ең жақсы клубты жаттықтыруға мүмкіндік берді. Мені әрқашан емес, бірақ тыңдайтын футболшылармен және үнемі қолдайтын отбасыммен бөліскім келеді.
Біздің жұмысымыз қиын. Футбол маған көп нәрсе берді, көптеген жағымды эмоциялар, бірақ кейде жағымсыздықтар да болды. Мен спорттың арқасында әлі өмір сүріп жатырмын, алда ұзақ өмір күтіп тұр”, - деді Анчелотти.
The Best FIFA Football Awards 2024 сыйлықтарының барлық иегерлері анықталды.